Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда аудандар мен ауылдарға арналған дербес бюджет енгізіліп жатыр

Қазақстанда аудандар мен ауылдарға арналған дербес бюджет енгізіліп жатыр. Бұл туралы жергілікті есептік жөніндегі басқармасының басшысы Базаргүл Базарбаева «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының – 98 қадамын жүзеге асыру аясында «Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін енгізу» тақырыбына арналған семинарда айтты.
Астана қаласы 29 Қараша, 10:42

Семинарда  аудандар мен ауылдарға арналған дербес бюджет енгізу, құрылыс бойынша   мемлекеттік қазынашылық ты сүйемелдеу мәселелері талқыланды. Іске қосу  2018 жылдың  1 қаңтарынан басталады.

«Жергілікті өзін өзі басқару  бюджетінің  IV  деңгейі  2 деңгей бойынша жүргізіледі: бірінші кезең  халық саны   2 мыңнан астам – 2018 жылдан бастап,  екінші кезең 2020 жылдан басталады. Аудан  маңызындағы  қала, ауыл округтарындағы  бюджеттің жалпы көлемі  2441-ді құрады». – деді Б.Базарбаева.

Ол айтып өткендей, 2018 жылдың  1 қаңтарынан бастап қазынашылықтың  ақпараттық жүйелері  жергілікті   өзін өзі  басқару органдарының   қаржы құжаттарын өңдеу мен  қабылдауға дайын болады.

«Қазынашылықтың  ақпараттық жүйесін интеграциялауды жетілдіру жүргізілді, сондай-ақ, барлық «Қазынашылық-Клиент»  ақпараттық жүйесінің   бизнес  үрдісі жетілдірілді», - деді  Б.Базарбаева.

Спикер айтып өткендей,  жергілікті өзін өзі басқару  бюджетінің  IV  деңгейіне көшу  мақсатында  қазынашылықтың   өңірлік органдары  жүйелік түрде     «Қазынашылық-Клиент»   АЖ жұмысы үшін   қызметкерлерді  4-ші деңгейге оқытады.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика