Евразиялық одақ

Астанада ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері талқыланды

Астанада «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шексіз зейнетақымен қамсыздандыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.
Астана қаласы 29 Қараша, 10:14

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  хабарлағандай,  іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, Зейнетақы және әлеуметтік қорлардың халықаралық қауымдастықтың, «Атамекен» ҰКП-ның, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ-нің, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының, Кәсіподақтар федерациясының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік аннуитеттік компанияның, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері және т.б. қатысты.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) өкілдері келді.

Бүгінгі күні зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұлттық ерекшіліктерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік органдары осы одақ құрамына енген мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартты дайындау үшін жұмыстар жүргізіп жатыр.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице - министрі Светана Жақыпова өз сөзінде,  мұндай  келісім зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы тең құқықты қамтамасыз ету, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер аумағында жұмыс істейтін еңбеккерлердің зейнетақы құқықтарын қорғау болып табылатындығын атап өтті.

«ЕАЭО-қа мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің азаматтарына осы мемлекеттің азаматтарына ұқсас шарттарда берілген құқықтар мөлшеріне тең зейнетақымен қамтамасыз ету көлемін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, мұндай келісімнің қабылдануы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы аталған одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті және құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді» - деді вице-министр.

Коллегия мүшесі – ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты министрі Тимур Жақсылықұлы Мекешович барлығын Шарт жобасы бойынша жұмыстың барысы және оның мүше мемлекеттердің еңбекшілері үшін артықшылықтары туралы ақпараттандырды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты қабылдау қажеттігі туралы Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары – Статс-хатшы Андрей Николаевич Пудовта атап өтті.

Бүгінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында заңды негiздерде жүз мыңнан астам еңбекші мигрант жұмыс істейді және олар мен олардың отбасы мүшелері үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін реттеудің жоғары маңызы бар.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың күшіне енуі мүше мемлекеттердің азаматтарына мүше мемлекеттер аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ие болған зейнетақы құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді және олардың еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ  еңбек қызметін заңдастыру бойынша белгіленген рәсімдерді сақтаудың қосымша стимулына айналады.

 





Яндекс.Метрика