Халықаралық интеграция

Румынияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Румынияның мәдениет астанасы, Трансильвания өңірінің орталығы Клуж-Напока қаласында ҚР Құрметті консулдығының ашылу салтанатты рәсімі өтті, және ҚР Тұнғыш Президентінің күніне арналған Қазақ киносының фестивалы ұйымдастырылды,деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде 29 Қараша, 09:12

Көптеген қонақтар арасында әйгілі мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің жетекші университеттерінің, іскерлік топтардың, консулдық корпустың және қазақ диаспорасының өкілдері болды. Өңірдің ең қадірлі азаматтарының бірі, «Energobit» холдингінің тең құрылтайшысы Штефан Гадола Құрметті консулдың лауазымына тағайындалды.

Қонақтарға арналған сөзінде ҚР-дың Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев жаңа тағайындалған Қазақстанның Құрметті консулының басты мақсаты екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету, мәдениет және білім саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына консулдық – құқықтық көмек көрсету екендігін атап өтті.

Өз кезегінде, Клуж-Напока қаласының әкімі Эмиль Бок Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға мүдделілігін атап өтті, және Клуж-Напока қаласы ҚР мен Румынияның аймақтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін көптеген мүмкіндіктерді ұсынатындығына ерекше көңіл аударды.

ҚР-дың Құрметті консулдығы Клуж-Напока қаласындағы он бірінші дипломатиялық өкілдік болуда және Клуж, Бихор, Бистрица-Насауд, Марамуреш, Сату Маре және Сэлаш өңірлері бойынша өз қызметін атқармақшы. Клуж өңірі Кеңесінің төрағасының орынбасары Вакара Иставан-Валентина айтуынша, дипломатиялық миссиялардың қалада болуы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін беруде.

ҚР-дың Құрметті консулдығының ашылу салтанатты рәсімі аяқталғаннан соң, Клуж-Напока қаласында ҚР Тұнғыш Президентінің күніне арналған Қазақ киносының фестивалы басталды.

Фестивалдың гала – ашылуында «Көшбасшы жолы» кино эпопеясының соңғы бөлімі «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі көрсетілді. Келесі күндер бойы «Қазақ хандығы: алмас қылышы», «Сталинге сыйлық», «Көшпенділер», «Шал» сияқты фильмдер көрсетілді.

Фестивалдың құрметті қонағы ретінде, актриса Іңкәр Әбдіраш («Қазақ хандығы: алмас қылышы») кинофильмды түсіру хикаясын айтып, бұл шара румын көрермендеріне қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетімен танысуға жақсы мүмкіндік ұсынады деп сенімділік білдірді.

Шараның қонақтары, Фестивал Румынияның Ұлттық мейрамы – 1 желтоқсан қарсанында тамаша сыйлық болып, Клуж-Напока қаласы үшін бірегей оқиға екендігін атап өтті.

24 қарашада қаланың әкімі орынбасары А.Молдабаев бастаған Қарағанды қаласының ресми делегациясы қалалық және өңірлік өкіметпен және Трансильвания бизнес – қауымдастығымен кездесулер өткізді және екі өңірде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Румынияның ең ірі IT - кластерінің өкілдері делегацияны румын компанияларының ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа жетістіктерімен таныстырды. Өткізілген тұсаукесерлер барысында ұлттық экономиканы жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда технологияларды пайдалану мүмкіндіктері зерттелді.

Кездесулер қорытындылары бойынша, қазақ – румын ынтымақтастықтығының тарихында Қарағанды және Клуж-Напока қалалары арасындағы туыстас қатынастар орнату туралы тұнғыш келісімге қол қойылды.

 





Яндекс.Метрика