Энергетика

Мұнай өндіру көлемі өткен жылдағыдан 11,4 % -ға өсті

Ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында мұнай өндіру көлемі 71,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 11,4%-ға көбірек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.
Астана қаласы27 Қараша , 17:42

Министр энергетика саласындағы оң нәтижелермен бөлісіп, даму серпінінің жоғары болғанын атап өтті.

«Биылғы 10 айдағы мұнай өндіру көлемі 71,1 млн. Тоннаға жетті, бұл өткен жылғы ұқсас мезгілден 11,4%-ға көбірек. Оның ішінде ірі жобалар есебінде Қашаған - 6,5 млн. тонна, Теңіз -23,7 млн. тонна және Қарашығанақ -10,3 млн. тонна мұнай өндірді»,- деді Қанат Бозымбаев.

Газ өндіру көлемі 43,5 млрд. текше метрді құрап, алдыңғы жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 15,6%-ға көп өндірілген. Ал мұнайды өңдеу көлемі 12,2 млн. тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың тиісті мерзіміне қарағанда 2,8%-ға көп. Сұйытылған газ өндірісінің көлемі өткен жылғы ұқсас мерзімнен 11,6%-ға өсіп, 2,4 млн. тоннаны құрады.

Алдыңғы жылдың 10 аймен салыстырғанда экспорттың көрсеткіштері: мұнай бойынша 13,8%, (57,7 млн. т), газ бойынша 26,6% (13,8 млрд.м3) көбірек. Сондай-ақ, өндірілген электр энергия көлемі 83,1 млрд. кВтс құрады, 2016 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 9,8%-ға артық. Және де көмірді өндіру көлемі 86,6 млн. тоннаны құрады, ол 2016 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 11,6%-ға артық. Ал уран өндіру көлемі өткен жылғы ұқсас мерзімнен 5,5 %-ға төмендеп 19,2 мың тоннаны құрады.

 

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика