Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Арменияның экономикалық ынтымақтастығы саласында өзара сауданың өсімі байқалды

Қазақстан мен Арменияның экономикалық ынтымақтастығы аясында 2017 жылы өзара сауда өсімі 38 пайызға артқаны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстанның Армениядағы елшісі Тимур Оразаев СІМ-де болған брифингте мәлімдеді.
Астана қаласы28 Қараша , 20:12

«25 жыл ішінде Қазқастан мен Армения  арасында  саяси диалогтың жоғары деңгейі қалыптасқан. Алайда, сауда-экономикалық саладағы әлеуетті толық қолдану жүзеге асырылмай отыр. Бұл әлемдік экономикада болып жатқан қолайсыз жағдайларға байланысты орын алып отыр. Дегенмен, екі ел арасындағы өзара сауданың өсімі байқалды», - деді Т.Оразаев.

Елші айтып өткендей, Қазақстан мен Армения арасындағы  экспорттық-импорттық  операцияға әсе ететін  нақты себептер бар.

«Бірінші кезекте ол көліктік жүк тасымалының  күрделілігі. Белгілі өңірлік  проблемалар есебінде  Каспий және Оңтүстік осетия арқылы  өтетін  рационалды сауда бағыттары бұзылды. Осы орайда Қазақстаннан дәстүрлі экспорттық өнімді  Арменияға жеткізу қиындығы туды», - деді Т.Оразаев.

Ол айтып өткендей, экономикалық ынтымақтастық  саласында  2017 жылы өзара сауда  38 пайызға артқан.

«Армения статистикалық қызметінің мәліметінше, Армения мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы  2,6 млн долларды құрады. 2016 жылы қазақстандық-армяндық өсім  8 пайызды қрады. Оның ішінде, Армениядан Қазақстанға деген  экспорт  0,6 млн долларды құрады.  Ал, Қазқастаннан импорт  2,0 млн долларды құрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша,  Қазақстаннан Арменияға мигранттар мен диаспора есебінен  түскен  қаржылай аударма көлемі 91,9 млн доллларды құрады», - деді ол.

 

Қайрат Жандыбаев

 

 




Яндекс.Метрика