Энергетика

Көмірмен қамдау өткен жылғы сәйкес мезіглден 20% ға артық

Биылғы жылдың алғашқы 10 айында 9,6 млн. тонна көмір үй шаруашылықтары мен тұрғындарға жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% -ға артық. Бұл туарлды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Энергетика мистрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
Астана қаласы27 Қараша , 18:38

Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде ішкі нарыққа 61,8 млн. тонна, экспортқа 23,4 млн тонна көмір жеткізілді. Қазақстандық тұтынушыларға жеткізілетін көмірдің жалпы көлемінің 74,4% -ы, яғни 45,9 млн. тоннасы энергия өндіруші кәсіпорындарға жөнелтілді, бұл өткен жылдың ұқсас мезгіліндегіден 6,7 млн. тоннаға артық.

«Осы жылы 13-27 қазанда Энергетика министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен мүдделі мемлекеттік органдармен, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарымен, «ҚТЖ»ҰК»АҚ және тауар биржаларымен кездесулер өткізді. Көмір өндіруші кəсіпорындар өткен жылмен салыстырғанда көмір өндіру мен сату көлемінің өскендігін атап өтті»,-дейді Энергетика министрі.

    Әр бір көмір өндіруші кәсіпорындардың есебі бойынша төмендегідей көрсеткішке қол жеткізілген:

«Богатырь Көмір» ЖШС 2017 жылдың алғашқы 10 айында коммуналдық қызметтерге және тұрғындарға 1,11 млн. тонна көмір жеткізді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52% артық. Жылдың аяғына күтілетін түсім 384 мың тонна немесе 2016 жылғы көрсеткіштің 141,3%-ын құрайды.

 «Шұбаркөл Көмір» АҚ (Еуразиялық топ) ағымдағы жылдың 10 айы ішінде өткен жылғы ұқсас мезгілден 18% -ға өсіп, 2,6 млн. тонна көмір жеткізді.

   «Қаражыра» АҚ-ның 2017 жылғы 10 ай ішінде жөнелтілген көмір көлемі 2,1 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылғы сәйкес мезгілден 0,5 млн. тонна немесе 31% артық.

   Ал «Майкубен-Вест» ЖШС-ның көмір тасымалдаудың жалпы көлемі 2016 жылдың 10 айымен салыстырғанда шамамен 27% -ға артық.

 

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика