Адами капитал

2030 жылға қарай ел халқының газдандыру деңгейі 56% -ға жетеді

2030 жылға қарай ел халқының газдандыру деңгейі 56% -ға жетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
Астана қаласы27 Қараша , 19:10

Баспасөз маслихаты Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы шеңберінде Энергетика министрлігінің 10 ай ішінде іске асырған жұмыстары жөнінде болды.

«Елді тұтастай газдандыру жұмысы бойынша Соңғы 10 жылда 8 миллионнан астам адам немесе 46,3% халық газға қол жеткізді»,-дейді Энергетика министрі.

Республикалық бюджет есебінен 2017 жылы 8 жобаны іске асыру аяқталып, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе секілді облыстарда 11 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік берді. Бұл шамамен 30 мың адамды құрайды.

Осы қарқынмен 2030 жылға қарай ел халқының газдандыру деңгейі 56% -ға жетеді деп жоспарлануда.

 

Есбол Социалхан

 

 




Яндекс.Метрика