ҚР Президентінің Жолдауы

Таразда жұмыспен қамту орталығы ашылды

Жамбыл облысы әкімдігінің мәлімдеуінше облыс орталығында материалды техникалық жарақтармен жабдықталған заманауи үлгідегі халықты жұмыспен қамту орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
Жамбыл 29 Қараша, 08:46

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков су жаңа Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жай күйімен танысып қайтты.

Өңір басшылығының ақпаратына сүйенсек әлеуметтік қызмет алушыларға қолайлы қызмет көрсету мақсатында жалпы алаңы 1200 шаршы метр ғимараты беріліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, көгалдандырылды.

 Керекті компютерлер мен жабдықтар алынды. Бүгінгі таңда орталық барлық қажетті материалды техникалық базалармен жарақтандырылған. Халықтың кедергісіз қызмет алуы үшін  жаңа орталықта электронды кезек, күту залы, кеңесшілердің арнайы жұмыс орны, балалардың ойын бөлмесі, ресепшн, конференция және мәжіліс залы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету залы бар.  Бос жұмыс орындары көрсетілген электронды тақтайша да орнатылған. Орталықта барлық штат саны  47.

 Өткен жылы белсеңді түрде 30 330 адам жұмыспен қамтылса, ағымдағы жылдың 10 айының өзінде бұл көрсеткіш 32 536  жетіп отыр.

 2018 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы  халыққа жол тартады. Бұл күнкөрістің ең төменгі шегін 116 пайызға жеткізіп, кедейлікті жоюда 40 пайыздан 50 пайызға жеткізіп, соған сәйкес әлеуметтік көмек алушылардың саны артады деп күтілуде.  Жаңа жылдан кейін жәрдемақы алушылар саны 191 мың адамға жетеді.

 Жаңа нысанның ашылуымен ыңғайлы мемлекеттік қызмет алу мүмкінідігі жеңілдейді деген үміт бар. Айта кетерлік жайт, қазіргі таңда облыс  көлемінде 11 жұмыспен қамту ортылығында 136 штат саны өз жұмысын жүргізіп отыр.





Яндекс.Метрика