Евразиялық одақ

ЕАЭО елдері көлік құралдары туралы ақпарат алмасу механизмін мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу бойынша Коллегия мүшесі (министр) Валерия Корешкованың төрағалығымен өткен кеңесте ЕАЭО елдері арасындағы көлік құралдары туралы ақпарат алмасу механизмі мақұлданды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Әлемде 28 Қараша, 19:13

Өкілді мемлекеттік орган өкілдері, бизнес қоғамдастық пен ЕАЭО мүше елдердің сарапшылары «Ростех» мемлекеттік корпорацияның құрамына кіретін «Электронды төлқұжат» АҚ бірыңай жүйелік әкімішлік алаңында бас қосып, ақпараттық достастық мәселелерін қарады.

2018 жылдың жазында жаңа көліктерге электронды құжат беру үдерісі баламасыз болады.

Көлік иелерінде қағаз немесе электронды тізілімге жазылуды таңдау мүмкіндігі болмайды. Бізге ЕАЭО елдерінде барлық көлік түрлерінде және оның иелері туарыл мәлімет қатесіз әрі үздіксіз айналымда жүргені маңызды-деді  Валерий Корешков.

Әкімшілік жүйе мен  электронды автоқұжаттардың  ұлттық бөліктердің жүйелері  өзара ықпалдасуы құрылымы келісілген болатын. Бұл барлық мемлекеттердің бірыңғай ақпараттық қорға қосылғандығына кепіл береді.

Аталаған кеңесте көлік құралдарының талапқа сай болуы жөніндегі бағалауды да электронды нұсқаға өткізу бастамасы қатысушылар тарапынан құпталды.

Электронды төлқұжаттарға тиісті ақпарат енгізетін мемлекеттік органдар, импорттаушылар және автомобиль өндірушілердің дайындығы электронды құжатқа өту мерзімін  жеделтеді деп мәлімдемдегі ЕЭК.

Алайда,комиссияның техникалық қадағалау мен акредитациялау департаменті директорының орынбасары Вячеслав Бурмистров  2018 жылдың 1 шілдесінен аталған жүйе толықтай іске қосылу керектігін атап көрсетті.

 Межелі уақытқа дейін  ЕАЭО елдерінде нормативтік базаларды жасақтап, ортақ ақпараттық жүйеге кіргізіп, автоөндірушілермен, көлік құралдары иелері мен импорттаушылардың өзара қарым-қатынасы нәтижесінде ұлттық талаптарға сай  ақпарат алмасу кеңісітігін құру мүмкіндіктерін қарау керек.

Көлік құралдарының толықтай электронды құжаттарға өткізу өндірушілермен тасымалдаушыларға қолайлы жағдай туғызып, техниканы түгел дерлік бақылауға алып, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі ортақ форматтағы сенімді мәліметтер базасын қолдануға себеп жасайды-деді сарапшылар.





Яндекс.Метрика