Үкімет

Д.Абаев жасырын пікірлерді шектеуге қатысты ойын білдірді

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысынан кейін интернетте жасырын пікірлерді шектеуге қатысты ойын білдірді.
Нұр-Сұлтан 28 Қараша, 14:29

«Пікір қалдыру барысында ұлтаралық араздықты қоздырудың көптеген фактілері, келеңсіздіктер, азаматтарды кемсітушілік сияқты жайттар орын алып жатады. Біз ақпараттық порталдар пікірді кімдер қалдыратынын білу  үшін қадағалау мүмкіндігін енгізуді жоспарлаудамыз. Біз лақап ат пайдалану құқығын қалай болғанда да алып тастамаймыз. Бұл жерде ешқандай проблема жоқ», - түсіндірді ҚР АКМ басшысы.

Дәурен Абаевтың айтуынша, ақпараттық портал лақап атпен белгілі бір азаматтың тіркелгенін білетін болады.

«Ұлтаралық араздықты қоздыру, конституцияға қайшы қандай да бір іс-әрекетке шақыру орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына оны қадағалап, талап қоюына мүмкіндігі болады деп ойлаймын.  Заңнамаға енгізілетін түзетулер пікір жазуға, тіпті сыни пікір жазуға да шектеу қоюды көздемейді», - деп сендірді Дәурен Абаев.  

Ведомство басшысы сендіріп кеткендей, бұл жағдайда керісінше, пікірін еркін білдіру құқығы арта түседі.

Атап өтер болсақ, ағымдағы жылы Қазақстанда заңнамаға қарсы контенті үшін 3 мыңға жуық сайт бұғатталды. Осы ретте, 200 мыңнан астам ескертулер әлеуметтік желілерге жіберілді.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика