Үкімет

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттары жаңаруда

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттары жаңаруда. Бұл туралы Еңбек және халыққа қызмет көрсету министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.
Нұр-Сұлтан 28 Қараша, 12:11

Т.Дүйсенова айтып өткендей, қазіргі таңда елімізде халықаралық талаптарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Бұл үдерісті 2021 жылға қарай аяқтау қажет.Қызметкерлердің денсаулығы мен еңбекті қорғаудың ынталандырушы шаралары енгізіліп жатыр. Мәселен, еліміздің 1400-ден астам кәсіпорны Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау  стандарттарын енгізді », — деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің қабылдаған кешенді шараларының арқасында жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда оң қарқын сақталған.

«2016 жылы өндірісте зардап шеккендер саны 2015 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға төмендеген.Жұмысшыларға зиянды жағдайда еңбек еткеніне төленетін түрлі өтемақылар шығыны 2012 жылғы 78 млрд теңгеден 2016 жылы 100 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды», — деді Т. Дүйсенова.

Министр, сондай-ақ, зиянды өндіріс жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылардың кемінде алты күндік ұзақтығы бар қосымша демалыс алуға құқығы бар екенін еске салады. Бұл өтемақы Еңбек кодексінде жазылған.

«Бүгінде тиісті ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізілуде және 2018–2019 жылдары еңбек заңнамасына зиянды еңбек жағдайларында қызмет ететін жұмысшыларға (қосымша демалыс, жұмыс уақытының қысқартылуы, еңбекақының жоғарлауы) кепілдіктерді сараланған түрде ұсыну арқылы жаңа тәсілдер енгізілетін болады, аттестаттау нәтижелерін ескере отырып кепілдіктер көлемі анықталады», - деді министр.

Ақбота Күзекбай 





Яндекс.Метрика