Үкімет

2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспар: негізгі ұлттық индикаторлар анықталды

2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде 100-ден астам жаһандық мегатрендтер зерттелді және жаһандық дамудың 3 сценарийі әзірленді.Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 10:46

Т.Сүлейменов айтып өткендей,негізгі сценарий сыртқы жағдайға байланысты жылына орта есеппен ЖІӨ-нің 4,5-5,0% -дан кем емес экономикалық өсуін көздейді.

«ЖІӨ елдегі азаматтардың нақты әл-ауқатының деңгейін толық көрсетпейді.Біз тұрақты, сапалы өсу міндетін қойғандықтан, сыртқы жағдайларға тəуелді емес, өсудің жылдамдығымен қатар адамдардың өсуі мен өмірінің сапасы да маңызды болады.Сондықтан біз осы үш маңызды компоненттерді (өсу қарқыны, өсім сапасы және өмір сапасы) және әлемнің 30 дамыған елінің жолындағы жетістіктерді көрсететін негізгі ұлттық көрсеткіштер жиынтығын анықтадық», - деді Т.Сүлейменов.

Негізгі ұлттық көрсеткіштер өлшемдердің 13 саласына бөлінеді және 38 көрсеткішті қамтиды, оның ішінде халықаралық рейтингтер.

«Негізгі көрсеткіштер бойынша толығырақ тоқталамын.Әлемнің 30 дамыған елдерінің тізіміне  кіру мақсатына жету үшін біз мыналарды қамтамасыз етуіміз керек», - деді министр.

ЖІӨ деңгейінің өсуін жан басына шаққанда 46 100 АҚШ долларына дейін (АҚТ бойынша) өсуі,  еңбек өнімділігінің жылына орта есеппен 4,7% -ға өсуі.

«Өсудің сапасын өлшеу үшін мыналар бар: тауарлар мен қызметтерді шикізаттық емес экспорттың үлесін 44,6% -дан 50% -ға дейін ұлғайту; ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесін 26,8% -дан ЖІӨ-нен 35% -ға дейін арттыру; негізгі капиталға инвестициялардың ЖІӨ-нен 16,4% -дан 19% -ға дейін өсуі;ұлттық валютадағы несие портфелінің көлемі ЖІӨ-нен 18% -дан 50% -ға дейін өсуі;цифрландыру индексі (БҰҰ АКТ дамыту индексі) бойынша 25 жетекші елдің қатарына кіру; логистика тиімділігінің индексі бойынша әлемдегі 38 елдің қатарына кіру;бюджеттің мұнай емес тапшылығы үлесін ЖІӨ-нің 6% -ына дейін төмендету», - деді Т.Сүлейменов.

Министрдің айтуынша,  елдің әл-ауқатын арттыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартуымен бірге жүруі керек, оған мыналар кіреді:күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72-ден 75 жасқа дейін ұлғайту.

«Халықтың ең аз қамтылған 40%-ның табысының үлесінің 22,8% -дан 27% -ға дейін арттыру. PISA тестіне сәйкес орта білім беру сапасының үш пән бойынша 450-490-ға дейін өсуі, энергия сыйымдылығын 40%-ға дейін төмендету (2008 жылғы деңгейден),өңірлердің ЖӨӨ бойынша даму арасындағы алшақтықты 3,2 еседен 2,7 есеге дейін азайту, Дүниежүзілік банктің индексі бойынша мемлекеттік басқару тиімділігін 51 процентилден 60-75 процентилге дейін көтеру», - деді Т.Сүлейменов.

Сандық көрсеткіштерден басқа, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы Қазақстанның прогресін бақылау үшін әлемдегі ең танымал 6 рейтинг қолданылатын болады.

«Бұл Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, Біріккен Ұлттар Ұйымының адам дамуы индексі, «Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық индексі», «Құқық үстемдігі индексі», «ЭЫДҰ бәсекеге қабілетті индексі» және Экономикалық қиындық индексі», - деді Т.Сүлейменов.

Негізгі ұлттық көрсеткіштерге жету үшін, сфералар, салалар, өңірлер бойынша бөлінген құжаттардың деңгейіне сәйкес олардың ыдырауын қамтитын Стратегиялық карта әзірленетін болады.

Ақбота Күзекбай 

 

 




Яндекс.Метрика