Рухани жаңғыру

Елбасы – бүкіл түркі жұртының арқа сүйер тұтқасы – Д.Қыдырәлі (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтан 28 Қараша, 09:15

Елбасы – бүкіл түркі  жұртының арқа сүйер тұтқасы, табан тірер тұлғасы, деді  Халықаралық Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі  әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері барысында.

 

«Бұған дейін   де Елбасының ғұмырнамалық кітабын жазғандар болды. Бұл кітаптың ерекшілігі нақты деректер мен  дәйектер арқылы  жазылған. Сондай—ақ,  көпшілікке беймәлім болып келген Елбасы ғұмырының қалтарыс  тұстары да бар. Бұл туынды әр кезеңде  канондық классикалық Елбасының  өмірбаяны  болып қала береді деген ойдамыз», - деді Д.Қыдырәлі.

Оның айтуынша,  бұл кітап бірнеше  тілдерге аударылды.

«Алғаш рет әзірбайжан тілінде жарық көрді. Бұл өзіндік мәнге ие, алдымен латын әліпбиіне аударылды. Бұл елдердің тілдері жақын. Латын әліпбиі бізді жақындастыра түседі.  Болашақта бір-бірімізді  тілмашсыз, аудармасыз түсінеміз деген ойдамыз.  Бүгінде Елбасы қазақ елінің ғана емес, бүкіл түркі жұртының  арқа сүйер тұтқасы, табан тірер тұлғасы болып саналады», - деді Дархан Қыдырәлі.

Аягөз Құрмаш

Видео: Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика