EXPO-2017

В. Лоссерталес Қазақстанды ХКБ тарихындағы ең табысты мамандандырылған көрмені өткізуімен құттықтады

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовке алғыс хат жолдады, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 28 Қараша, 09:12

Хатта ХКБ Бас хатшысы оның Қазақстан Республикасы Президентінің «Достық» орденімен марапатталуы үлкен құрмет екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, Висенте Лоссерталес Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастырушының қосқан үлесіне байланысты табысты өткенін атап өтті.

«Қатысушы елдер мен қызметкерлеріміз өткізілген әсерлі көрме туралы оң пікірлерін білдіруде. ХКБ тарихындағы ең табысты Мамандандырылған көрмені өткізумен құттықтаймын және оны жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін», - деп атап өтті Висенте Лоссерталес.

Еске салсақ, 2017 жылғы ақпанда ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Астана қаласының Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі соңғы 25 жылдағы ең табысты көрме болады деп атап өтті.

 





Яндекс.Метрика