ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

А.Гасанов: Қазақстанның Тұңғыш Президенті – әлемге әйгілі әрі беделді тұлға (ВИДЕО)

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – әлемге әйгілі әрі беделді тұлға , деді Әзірбайжан үкіметінің вице-премьері Әли Гасанов әзірбайжан тілінде таныстырылған «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының таныстырылымында.
Нұр-Сұлтан 28 Қараша, 09:46

«Бұл қызықты жұмысқа кіріспе мақала жазу маған  үлкен ләззат сыйлады. Кітапта Ұлы дала көшбасшысы әлемге танымал  әрі беделді тұлға  Нұрсұлтан Назарбаев туралы баяндалады. Ол өз өмірін   елі мен халқына арнаған», - деді Әли Гасанов.

Ол айтып өткендей, кітап таныстырылымын өткізу  1 желтоқсан аясында және  ҚР мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық  қарым-қатынастың  25 жыл толуына  орай ұйымдастырылып отыр.

«Барша қазақстандықтарды  аталмыш мерекемен құттықтаймын», - деді саяси қайраткер.

Оның айтуынша, аталмыш кітап қазіргі заманның жарқын саяси тұлғасына арналған  қызықты тарихи-биографиялық  еңбектерінен  құралған.

«Кез келген адам өмірге белгілі бір мақсат үшін келеді, тарихты өзгертуге үлес қосқан тұлғалар да бар. Бұл есімдер  алтын әріппен жазылған Ұлы көшбасшылар болып табылады. Қазақстан билігінің басында да кемеңгер тұлғалардың бірі Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Елбасының өмірлік жолы қазіргі заманғы Қазақстанның дамуымен тікелей байланысты», - деді ол.

Гүльтай Хасенова

Видео: Азамат   Әлиев





Яндекс.Метрика