Басқару

Н.Назарбаев «Алтын сапа» байқауы туралы жарлыққа түзетулерге қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыжарлыққа қолқойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 27 Қараша, 19:16

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы  9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат; 2010 ж., № 39, 335-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 32, 282-құжат; № 75, 666-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

«Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы» (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті» (келісім бойынша)»;

«Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстанның тағам кәсіпорындары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)»;

«Тұтынушылардың ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Қазақстан құс шаруашылығы одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

«Қазақстанның картоп өсірушілері мен көкөніс өсірушілері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)»;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс өткізу және лауреат атағын беру қағидалары осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру қағидалары осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссия туралы ережеде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарға төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.

Эмблемалардың нысандарын және конкурстардың дипломдарын сипаттамаларымен қоса Комиссия төрағасы бекітеді.»;

8-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) оқыту семинарларын және вебинарлар өткізу арқылы әлеуетті қатысушылар үшін конкурстар өлшемшарттары бойынша оқытуды ұйымдастыру;

8) сарапшылар тізілімін жүргізу;

9) конкурстарды ақпараттық сүйемелдеу және әлеуметтік желілерде сапа идеясын насихаттау;

10) өңірлік және республикалық конкурстардың сараптамалық топтарын құру;

11) кәсіпорындарға бару арқылы финалистерді бағалауды жүргізу.»;

12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Конкурстардың жеңімпаздарына конкурстардың эмблемаларын және дипломдарын беру салтанатты жағдайда жүзеге асырылады. Конкурс жеңімпаздарына конкурстардың эмблемаларын және дипломдарын тапсыру күні және орны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша айқындалады.».

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

       Президенті                                                            Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 24 қараша

                   № 588

 





Яндекс.Метрика