ҚР Президентінің Жолдауы

2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарға барлық салаларды цифрландыру енгізілген – сарапшы

Цифрландыру — бұл жеке сала емес, ол экономиканың барлық салаларына әсер етеді. Осыған орай Қазақстанның бүкіл аумағын кең жолақты Интернет желілерімен тездетіп жабдықтау қажет, деп өз пікірін білдірді Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасын талқылау барысында.
Астана қаласы 27 Қараша, 18:57

«Цифрландыру — бұл жеке сала емес, ол экономиканың барлық салаларына әсер етеді. Осыған орай Қазақстанның бүкіл аумағын кең жолақты интернет желілерімен тездетіп жабдықтау қажет. Бұл Стратегиялық жоспарда бар. Мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік, бюджеттік қорлар форматында және өзге де әдістермен кең жолақты интернетті әрбір елді мекенге жеткізу жолының табылғанына қуаныштымын», - деді Б. Мусин.

Ол атап өткендей, екінші аспект – сауда саласы.  Жалпы, барлық сауда-саттықты «электрондық рельстерге» көшіруіміз керек.

«Менің ойымша, бұл бүгінгі күнге қажетті қадам. Бүгінгі шағын электронды сауда келешекте экономиканың нағыз драйверіне айналуы керек», - деп атап өтті сарапшы.

Оның айтуынша, барлық мемлекеттік органдардың процестерін оңтайландыру қажет.

«Денсаулық сақтау жүйесін автоматтандыру қажет. Себебі, адамдар дәрігердің қабылдауына дәптермен емес, смартфондарымен келеді. Құқық қорғау саласында да сол жағдай. Біз ұзақ жылдар бойы сыбайлас жемқорлықпен күрестік, ал қазір жағдайды «Сергек» шағын камерасы өзгертіп жатқанын көріп отырмыз», — деп түйіндеді Б. Мусин.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысының барысында 2025 жылға дейінгі статегиялық даму жоспары жобасын таныстырды.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика