Рухани жаңғыру

Түркі академиясы халықаралық кеңесінің ұйымы өтті (ВИДЕО)

Астана қаласы 27 Қараша, 19:12

Халықаралық Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі Астанада өткен «Түркі әлемінде рухани жаңғыру: Тарих. Таным. Тұлға» конференциясы аясында «Аталар мирасы» мен «Түрік барометрі» жобалары туралы айтып берді.  

«Біз Халықаралық Түркі академиясы ретінде бірнеше шара ұйымдастырып отырмыз. Оның бірі – Түркі әлемі академиялар одағының жиыны. Алдағы уақытта Елбасымыздың Түркі әлемі саммитінде берген тапсырмасының негізінде «Аталар мирасы» (atalarmirasi.org) деген үлкен порталды таныстырып отырмыз. Бұл порталдың ерекшелігі – біздің үш мың жылдан бергі бүкіл жазба-мұраларымыз, қазыналарымыздың барлығы осы порталда жинастырылады», - деді Дархан Қыдырәлі.

Күлтегін, Тоныкөк, тастағы, ағаштағы, тастардағы суреттерден бастап қазіргі дейінгі бүкіл мұраларымыз орыс, ағылшын, түрік тілдеріндегі тәржімалармен бірге осы порталда орналасады, деп жалғастырды өз сөзін Халықаралық Түркі академиясының президенті.

«Екінші үлкен жаңалығымыз біз «Түрік барометрі» деген арнайы жоба жасадық, осы жобаның аясында 6 мемлекетте 500-ден аса респонденттен сауалнама жүргізілді. Осы сауалнамада жалпы мәдени, тарихи жақтармен бірге эконмоикалық, саяси сұрақтар да болды. Негізінен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болды. Жалпы, «Бауырластықты қалай көресіздер», «Туризмді қай мемлекетте дамытқан жөн» және басқа да сұрақтар бар. Осы шаралардың барлығын біз Президент күніне орай ұйымдастырып отырмыз», - деп түйіндеді Дархан Қыдырәлі.

Ақбота Күзекбай

Видео: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика