Рухани жаңғыру

Қазақстанның қандай танымал тұлғаларын түркітілдес елдері біледі (ВИДЕО)

6 түркітілдес елде «Түркі барометрі» әлеуметтік зерттеуі жүргізілді. Аталмыш зерттеу қорытындысы бойынша Түркі академиясы халықаралық ұйымы Астана қаласында өткен «Түркі әлемінде рухани жаңғыру: Тарих: танысм. Тұлға» конференциясы барысында қоғамдық пікір зерттеу институтының негізін қалаушы Ботагөз Рақышева мәлімдеді.
Астана қаласы 27 Қараша, 19:12

Алқалы жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркиядан арнайы келген  зиялы қауым өкілдері  және Қазақстанда тіркелген дипломатиялық  корпус жетекшілері  қатысты.

«Жиналған көпшілік  алдында сөз алған  Академия басшысы  Дархан Қыдырәлі  «Түркі барометрін»  жасаудағы негізгі мақсат пен келешек жоспарлар туралы баяндап берді. Түркі барометрі сипаты жағынан Еуропа одағының «Еуробарометр»  зерттеу  бағдарламасы  мен әлемнің  өзге де  аймақтарында  жүргізілетін зерттеулерге ұқсас  жоба. «Түркі барометрі»  тәуелсіз түркі мемлекеттерінде  жүйелі түрде  сауалнама арқылы жасалып тұрады. Зерттеуге жасы  18-ге толған азаматтар қатыса алады», - деді Б.Рақышева.

2004 жылдан бері  посткеңестік  кеңістікте  еуразиялық мониторинг жүргізілетіні мәлім.  Ал, Еуразиялық даму банкі  2012 жылдан бастам ТМД елдері аумағында «Интеграциялық  барометр» жүргізіп келеді.

Зерттеу жобасының негізгі мақсаты: түркі мемлекеттері  тұрғындарының  Түркі кеңесі  тарапынан  жүргізілетін  интеграциялық  процестерге  қатысты әлеуметтік  көңіл-күйлерін, экономикалық, мәдени актілерге  байланысты ой-пікірлерін зерттеп білу.

Айта кетейік, Түркі академиясы халықаралық ұйымы Астана қаласында өткен «Түркі әлемінде рухани жаңғыру: Тарих: танысм. Тұлға»  конференциясы  аясында «Түркі барометрі» жобасы мен оның алғашқы  зерттеу нәтижелерін таныстырды.

Ақбота Күзекбай

Видео: Азамат Әлиев

 





Яндекс.Метрика