Мәжілістен хабарлағандай, Мәжіліс спикері кездесудің басында С. Неверовты Госдумадағы «Единая Россия» фракциясының жетекшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, бұл қазақстандық-ресейлік қарым-қатынасқа тың серпін береді деген сенімін білдірді.
Осы ретте, Н. Нығматулин Қазақстан мен Ресейдің басшылары негіз болған достық қарым-қатынастың екіжақты және көпжақты қарым-қатынастағы жоғары нәтижелерін атап өтті.
Н. Нығматулин мен С. Неверов екі елде жүргізіліп жатқан реформалар аясындағы заңнаманы жетілдіру бойынша тәжірибе алмасуға мүдделі екенін жеткізді.