Парламент

Н.Нығматулин шетелдік парламентшілермен кездесулер өткізді (ФОТО)

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылған «Қазақстандық модель жаңа жаһандық шынайылық» халықаралық конференциясы аясында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бірқатар елдердің парламент вице-спикерлерімен кездесті.
Астана қаласы 27 Қараша, 17:43

Мәжілістің мәліметінше,  ынтымақтастықтың  әлеуетті бағыттары  Түркияның Ұлттық жиналыс төрағасының орынбасары  Ахмет Айдын, Мажарстанның  Мемлекеттік Жиналысының вице-спикері Тамаш Шнейдер, Болгарияның Халықтық жиналыс төрағасының  орынбасары Валери Жаблянов пен Әзірбайжан Милли  Мәжілісінің вице-спикері Валех Алескеровпен талқыланды.

Парламенттік форумға қатысқан парламентшілерге алғыс айтқан соң Н.Нығматулин  елдер арасындағы  тұрақты дамуға деген өзара қызығушылық таныту бойынша қарқынның жоғары деңгейін атап  өтті.

Өз кезегінде әңгімелесушілер  шараны  ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығын айтып, парламенттік деңгейдегі  ынтымақтастықты белсенділету ұсынысын айтты.





Яндекс.Метрика