Энергетика

Павлодардағы МӨЗ бензин бойынша өзінің жоспарлы қуатына жетті

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы шеңберінде Энергетика министрлігінің 10 ай ішінде іске асырылған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Осы ретте Қ.Бозымбаев Мұнай өнімдері нарығындағы жағдай туралы да тоқталды.
Астана қаласы 27 Қараша, 16:47

Министрдің айтуынша, 21 қарашадағы есеп бойынша Аи-92/93 бензин маркасының қоры 193,8  мың тоннаны құрап отыр. Еліміздегі бензин қорын молайту мақсатында айдың басынан бастап Қазақстанға 89 мың тонна Аи-92 бензині Ресейдің мұнай өңдеу зауодтарынан импортталған.

«Бұрын хабарланғандай, Павлодар МӨЗ-і 26 қазаннан бастап жоспарлы жөндеу жұмысынан өтті. 30 қазанда Аи-92 бензині өндіріле басталды. 12 қарашада каталитикалық крекинг қондырғысы іске қосылды, яғни Павлодар МӨЗ бензинді өндіру тәулігіне 2600 тоннадан 4200 тоннаға дейін артатын болады. Павлодар МӨЗ бензин бойынша өзінің жоспарлы қуатына шықты», - дейді Энергетика министрі.

Есбол Социалхан

 





Яндекс.Метрика