Энергетика

Елімізде 2025 жылға дейін мұнай өндіру көлемі 107,3 млн тоннаға жетеді

Елімізде 2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 107,3 млн. тоннаға дейін, газ өндіру көлемін 77,3 млрд. текше метрге дейін арттыру жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
Астана қаласы 27 Қараша, 18:46

Баспасөз маслихатында министр Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауы шеңберінде Энергетика министрлігімен 10 ай ішінде іске асырылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

«Экономиканың Үшінші Жаңғыруының экономикалық өсімнің жаңа моделі шеңберінде Энергетика министрлігімен мұнай-газ кешенінің, оның ішінде геологиялық барлау, атом және уран салаларының дамуына серпін беретін жобалық басқару шеңберінде 14 бастама жүзеге асырылуда»,-дейді Қанат Бозымбаев.

Экологиялық стандартқа сай мұнай өнімдерінің өндірісіне арналған мұнай өңдеудің жыл сайынғы көлемі шамамен 17 млн. тоннаны құрамақ.

Осы межемен 2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 107,3 млн. тоннаға дейін, газ өндіру көлемін 77,3 млрд. текше метрге дейін арттыру жоспарлануда.

Бұл бастамаларды табысты іске асыру 2025 жылға қарай отын-энергетикалық кешенінің қосылған құн салығының орта жылдық өсу қарқынын 4,1%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнің ішіне мұнайгаз-химия, атом және уран салаларының бастамалары қосылады.

2017-2025 жылдардағы инвестициялардың жалпы көлемі 17,5 трлн. теңгеден астам құрайды, оның ішінде 97% жеке қаражат есебінен қамтамасыз етілмек.

Есбол Социалхан

 





Яндекс.Метрика