Білім беру әдістемелерін жаңғырту

«Үздік сабақ» конкурсының жеңімпазы ақшалай жүлде – 100 мың теңге алады

Ертең, 21 желтоқсанда, сағат 11.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайының «Бесік» залында «Тәуелсіздік тірегің, егемендік елдігің» тақырыбында «Үздік сабақ» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
Астана қаласы20 Желтоксан , 00:00

Шара ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған. Мектеп директорлары, олардың орынбасарлары мен мұғалімдер Астана қаласы әкімінің, Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Балаеваның, Астана қаласы мәдениет басқармасының бастығы Б.Мажағұловтың атынан алғыс хаттармен марапатталады. 

Конкурс қорытындысы бойынша қатысушыларға15 номинация бойынша дипломдар және бас жүлде – Гран-при (100 мың және диплом) табысталады. 

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталатын болады: «Ең үздік патриоттық сабақ», «Ең үздік театрланған сабақ», «Ең үздік ғылыми-әдістемелік сабақ», «Ең үздік инновациялық сабақ», «Ең үздік әдеби-музыкалық сабақ», «Ең үздік креативті сабақ», «Ең үздік гуманистік сабақ», «Ең үздік шығармашылық сабақ», «Тарих тағылымы», «Ең үздік ағартушылық сабақ», «Эстетикалық сабақ», «Ең үздік ғылыми-мазмұнды сабақ», «Астана танымы», «Ұстаздық шеберлігі», «Үздік Кәсіби бейімделу сабағы».




Дерекнама

Яндекс.Метрика