Үкімет

Мекен-жайлық әлеуметтік көмек жұмыспен қамту орталықтары арқылы көрсетіледі

Мекен-жайлық әлеуметтік көмек жұмыспен қамту орталықтары арқылы көрсетіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Үкіметтегі баспасөз орталығында мәлімдеді.
Астана қаласы 27 Қараша, 12:48

Светлана Жақыпова  айтып өткендей,  2018 жылдың  1 қаңтарынан бастап  мекен-жайлық әлеуметтік көмек трансформацияланады.

«Енді мекен-жайлық  әлеуметтік көмек  жұмыспен қамту орталықтары арқылы  көрсетіледі. Ақпараттық жүйлерде  барлық азаматтар туралы жеке  мәліметтер бар,  олар мекен-жайлық әлеуметтік көмекке  үміткер  болады», - деді ол.

МӘК бірінші түрі  бойынша ақшалай көмек  еңбек етуге мүмкіндігі жоқ   тұлғалар бар жерде беріледі.

«Бұл ешбір талапсыз, әлеуметтік келісімсіз жүзеге асырылатын болады. Мәселен,  егер ол жалғызбасты ана  болып, баласын жалғыз тәрбиелесе  оған аталмыш жәрдемақы төленеді.  Орталық қызметкері  әлеуметтік тіркеу картасын ашады, оның кірісін шығарып,  оған жәрдемақы төлеуді белгілейді.  Бұл талапсыз берілетін жеңілдетілген түрі», - деді С.Жақыпова.

Екінші түрі бойынша қызметкерлер  үйде жұмыс істейтін тұлға болса  әлеуметтік келісім орнатады.

«Аталмыш қызметтің операторлары  жұмыспен қамту  орталықтары болмақ, себебі іздеушіге жұмыс тауып беріп, қосымша отбасы мүшелеріне  жәрдемақы төлеуді бекітеді», - деді вице-министр.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика