Басқару

ҚР Мемлекеттік хатшысы алты елшіден сенім грамоталарын қабылдады

Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшілерден сенім грамоталарын қабылдады. Олар: Гвинея – Бангали Диакхаби, Панама – Мигель Умберто Лекаро Барсенаса, Мали – Тиефинг Конате, Хорватия – Тончи Станичича, Кипр – Леонидас Маркидиса, Перу – Луис Бенхамин Чимой Артеага.
Астана қаласы27 Қараша , 11:04

«Биыл Қазақстан мен Гвинея  дипломатиялық қарым-қатынастың  25 жылдығын атап өтеді. Екіжақты қарым-қатынастың маңызды оқиғасы  Гвинея Республикасының Президенті Альфа Конаденің ИЫҰ Саммитіне қатысуы  үшін Астанаға жасаған сапары болды», - деді Г.Әбдіқалықова Гвинея елшісімен әңгімелесуінде.

Панама елшісімен кездесуінде Мемлекеттік хатшы ЭКСПО платформасында жүзеге асырылып жатқан жобалар: Астана халықаралық қаржы орталығы,  БҰҰ  ұранымен  инвестициялық жобалар мен  «жасыл» технологияларды дамыту халықаралық орталығы,       IT-стартаптардың халықаралық технопаркі жобаларына қатысуға шақырды.

Г.Әбдіқалықова  Мали Республикасының елшісімен  әңгімелесуінде  Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымына  қосылғанына алғыс білдірді.

«Қазақстан Хорватияны  Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы  әлеуетті серіктес ретінде қарастырады. Экономикалық ынтымақтастық  деңгейін арттыру қажет. ҚР-да  30 хорват компаниясы жұмыс істейді. Елдер арасындағы тауар айналымы қаңтар-қыркүйекте  301 млн долларды құрады», - деді Мемлекеттік хатшы Хорватия елшісімен әңгімесінде.

Мемхатшы қазақстандық компаниялар  жоғары сапалы астық пен мал өнімдерін жеткізуге дайын екенін айтты. Хорваттық компаниялар  индустриаландырудың екінші бесжылдығы жобаларына қатыса алады.

Кипр  елшісімен  кездесу аясында Г.Әбдіқалықова айтып өткендей, біздің  саяси диалог  белсенді сауда-экономикалық серіктестікпен нығаюы керек.

Перу елшісімен кездесуінде   Г.Әбдіқалықова  оны  2018-2019 жылға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады. Ол Перудың БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне өтуі  2018 жылдың қаңтар айында Қазақстанның ұйымға енуімен тұспа тұс келіп отырғанын айтты.

Қорытындысында Мемлекеттік хатшы  елшілерді Қазқастандағы дипломатиялық  қызметпен құттықтап, табыс тіледі.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика