ҚР Президентінің Жолдауы

Қарағандыдағы ақпараттық жүйе қалай жұмыс істейді

Қарағандыда жұмыс сапарымен Премьер-министр орынбасары Асқар Жұмағалиев және денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева болып қайтты. Олар Қарағанды облысының барлық денсаулық сақтау мекемелерінде енгізілген Кешендік ақпараттық жүйесімен танысып қайтты.
Қарағанды 27 Қараша, 18:12

Кешендік ақпараттық жүйені Астана қаласында жасап шығарған. Бүгінгі таңда Қарағанды облысы – жүйе толықтай жұмыс істеп тұрған еліміз бойынша жалғыз аймақ. Оны 2016-шы жылы енгізе бастаған. Осы жылдың соңына қарай жүйе денсаулық сақтау мекемелерінің барлығында жұмыс істейтін болады.

«Ол емделушінің ауру тарихын толықтай бақылауға мүмкіндік береді: оның ішінде электронды денсаулық паспорты, сонымен қатар дәрегерлер қаралу мәліметтері, олардың берген нұсқаулықтары, ота жасаулар мен сараптама нәтижелері жазылады. КМАЖ көмегімен белгілі бір емхана мен дәрігердің жұмыс сапасын қадағалауға болады, сондай-ақ жедел жәрдем қызметі, стационар және учаскелік дәрігер секілді барлық инстанциялардың сабақтастығын бақылауға мүмкіндік бар», - деп хабарлады әкімдікте.

Бұған қоса, КМАЖ жедел жәрдем диспетчерлеу жүйесімен біріктірілген. Ол жедел жәрдем бригадасының науқасқа келіп жету жылдамдығын, жасалған сараптамалар мен өлшемдердің, берілген нұсқаулықтардың, алдын ала диагноз және жедел медициналық көмекті қажет ететін адамды қай ауруханаға жатқызғаны туралы мәліметтерді қадағалауға мүмкіндік береді.

Бұл екі жүйені біріктірудің арқасында біздің бенсаулық сақтау жүйеміз қаншалықты сапалы жұмыс істейтінін көре аламыз, - деді ситуациялық кардиологиялық орталықтың ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар бойынша менеджері Нәзира Башарова. – Біз науқастың барлық ауру тарихын бақылай аламыз, оны қалай емдегенін, қандай ем жазып бергенін көреміз. Осылайша облыстағы барлық адам туралы мәлімет аламыз. Бұл мәліметтердің барлығын ситуациялық орталықтар сараптайды. Біздің орталық жүрек- қан тамыр дерттеріне шалдыққан емделушілерді бақылайды, мысалы, онкологиялық, травмотологиялық және басқа да ситуациялық орталықтар да бар.

Сараптама мәліметтерінің арқасында біз қандай кемшіліктеріміз бар екенін көре аламыз. Жәнеде олар ненің салдарынан пайда болатынын байқаймыз. Мысалы, қажетті техника болмаса, немесе фельдшердің біліктілігі төмен болғанын көруге болады. Осылайша, денсаулық сақтау басқармасында өз ресурстарын бірінші кезекте қандай салаларға бағыттау керектігін біледі: фельдшерлерге арналған шеберлік-сыныптар және семинарлар өткізу немесе белгілі бір мекемені жабдықтау.

Айта кету керек, диспетчерлеу жүйесін енгізгелі облыстық жедел жәрдем станциясы жанар-жағармайды ұнемдей отырып, 25 млн. Теңге үнемлеген. Бұл маршруттарды діл бағыттау және жедел жәрдем көліктерінің қозғалысын бақылау арқылы мүмкін болды.

Біз осындай ақпараттық жүйеге біртіндеп барлық аймақтарды қоса бастаймыз, - деді Ләзат Ақтаева. – қарағанды облысы бұл ретте анағұрлым алға жылжып отыр, мұндай денсаулық сақтау саласын сандық жүйеге ауыстыру деңгейі 68 % тең. Сіздердің тәжірибеге сүйене отырып, бұл көрсеткіштерге басқа да облыстар талпынатын болады.

Бірінші кезекте бұл жүйені астаналық санавиация орталығы базасында іске қосылады.

Асқар Жұмағалиев бұл идеяны құптап, Қарағанды облысының тәжірибесін басқа да аймақтар міндетті түрде қолдану керектігін айтты.

Қарағандыда Премьер-министр орынбасары бүгін сонымен қатар сандық жүйеге ауысу мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Ол ақпараттық және бағдарламалық қаматамасыз ету жүйелерін құрастырушылардың баяндамаларын тыңдады, сондай-ақ жиналысқа келген мамандар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді.

«Мен серіктестікке бүкіл Қарағанды облысын және әріптестерді шақырамын. Бізде барлығы іске асатынына сенімдімін. Себебі бұл жерде өзекті сауалдар қоятын сауатты, білікті мамандар өте көп. Мұның барлығы ісіміз оңға басатынын көрсетедЕлбасының қолдауымен біз барлық салаларда сандық жүйеге ауысу идеясын жылжытатын боламыз», - деді ол.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қарағанды аймағындағы сандық жүйе деңгейі денсаулық сақтау саласында - 65 % және білім беру саласында - 48% құрайды. Екінші орында қоғамдық тәртіпті қорғау орындары – 20 %. Қоғамдық көлік және коммуналдық шаруашылық саласындағы сандық жүйе 10% деп бағаланып отыр.

 





Яндекс.Метрика