ҚР Президентінің Жолдауы

Геологтар аэрогеофизикалық компьютердің жаңа әдісін пайдаланады (ФОТО)

Эксклюзив
Түрлі мемлекеттерде жер қойнауы усакелерінің инвестициялық тартымдылығын арттыру және аймақты дамыту мақсатында аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізіледі. Осы ретте, Қазақстанның бұл салада жеткен жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде. Бұл туралы «Қазгелогия» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов Степногорск қаласында өткен баспасөз турында кеңінен әңгімелеп берді.
Ақмола27 Қараша , 12:13

Ғалым Нұржановтың айтуынша, «Қазгеология» АҚ геологтары 2017 жылы Қазақстан Республикасының 12 өңіріндегі учаскелерде жұмыстар жүргізді. Жалпы сомасы 2 млрд. теңге құрайтын жұмыстар орындалды. Оның ішінде, 10 учаскеде мемлекеттік тапсырманың шеңберінде жұмыстар жүргізіліп, 1 млрд. теңгеден астам қаражат игерілді.

Оңтүстік Кемпірсай учаскесінде бұрғылау және камералдық жұмыстар жалғасуда, оларды 2021 жылы аяқтау жоспарлануда. Биылғы жылы 21 мың қ.км ұңғыма бұрғыланды, 66 км маршрут өткізілді.

«Негізгі 16 кен провинциясында сирек жер металдарына (иттрий, иттербий)   геологиялық барлау жұмыстары басталды. 5.5 қ.км іздеу маршруттары өткізілді, 5.5 мың қ.км таукен әзірленімдері жасалды, 3400 қ.м ұңғыма бұрғыланды. Жалпы сомасы 244 млн. теңгеде жұмыстар орындалды, 2018 жылы 259 млн. теңге игеру жоспарлануда», - деп атап өтті «Қазгеология» басшысы.

Атап өтер болсақ, геофизикалық партия жыл басынан бері көлемі 2000 қ.км магнитпен барлау жұмыстарын, 600 қ.км электрмен барлау зерттеулерін орындады.

«Оның ішінде «Қазақмыс» үшін магнитпен барлау - 500 қ. км, электрмен барлау - 200 қ.км, мемлекеттік тапсырманың шеңберіндегі  электрмен барлау - 300 қ. км, - «Ghadir Industry» тапсырысы бойынша – магнитпен барлаудың көлемі - 100 қ. км. Компанияның өз қаражаты есебінен  Костанай алаңында және Майлышат учаскесінде жүргізілген электрмен барлау - 100 қ.км және магнитпен барлау -1400 қ. км.», - деді Ғалым Нұржанов.

2014 жылдан бастап жалпы көлемі 81 мың қ.км аэрогеофизикалық түсіру жұмыстары орындалды, олардың ішінде: ұшақпен – 69 мың қ.км; тікұшақпен – 12 мың қ.км. ZTEM технологиясы пайдаланылып – 3200 қ.км, VTEM технологиясымен 8700  қ. км.

«Күні бүгін AirTEM кешені тікұшақпен электр барлауын жүргізудің әлемдегі ең үздік жүйесі болып табылады. Технологияны байқап сынаудың пилоттық жобасы Степногор алаңында басталды, жұмыстар көлемі 700 қ.м құрайды. Жалпы, «Triumph Instruments» 2007 жылы құрылған, аспаптар жасау компаниясы. Ол жаңа әрі инновациялық аэро, жер бетіндегі және ұңғымаға арналған геофизикалық аспаптар жасаумен әрі оларды дамытумен айналысады. Осы компанияның жабдықтары  Канадада, АҚШ-та, Перуде, Қытайда және Мексикада табысты пайдаланылуда», - деп баса айтты Ғалым Нұржанов.   

Бұдан басқа, Ғалым Нұржанов  хабарлағандай, мыс, алтын, жерде сирек кездесетін элементтер, сирек жер металдары, қорғасын, мырыш, хром сияқты стратегиялық  металдар кен орындарын іздеу және барлауға бағытталған 39 инвестициялық жоба іске асырылуда.

«Инвестициялық жобалар бойынша 2017 жылдың аяғына дейін геологиялық барлауға 4 млрд. теңге жеке инвестициялар салу жоспарлануда.  «Rio Tinto» ұлтаралық компаниясы 2015-2017 жылдары 2 жоба бойынша  3,3 млрд. теңге инвестиция салады. Ал, «Iluka Rersources» ағымдағы жылы Қостанай облысында «Air core» құрғақ бұрғылау технологиясын пайдаланып,  көлемі 9 000 қ.м 300 ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын орындады. Іздеу объектілері – шашыраңқы титан-цирконий кен орындары. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында егжей-тегжейлі барлау жұмыстарын жалғастыру үшін 2 перспективалы алаң таңдап алынды. Іске асыру басталғалы бері 700 млн. теңге инвестиция салынды.

«Ulmus Fund» неміс қоры Қарағанды облысының Бесшоқы алаңында мыс кендерін барлауға 600 млн. теңге сомасында қаржы жұмсады.

Биылғы жылы Қазақстанда «Полиметалл» және «Ghadir Industry» компаниялары алғашқы геологиялық барлау жұмыстарын бастады. «Полиметалл» АҚ-тың тапсырыс беруі бойынша Қостанай облысының Шекара учаскесінде алаңы 1 200 ш.км аэрогеофизикалық зерттеулер орындалды, бұл кен орнының алтын, күміс және мыс кендерінің өнеркәсіптік кеніштерін табуға перспективасы бар», - деді «Қазегология»АҚ төрағасы.

Айта кетер болсақ,   2018 жылы «Қазцинк» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС,  «Полиметалл» АҚ  жобаларын қоса алғанда, 5 млрд. теңге жеке инвестицияларды тартып, жобаларға салу жоспарлануда.

Геологиялық барлау саласына  50 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы инвестиция көлемінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін «YILDIZLAR SSS HOLDING» және «Lidya Madencilik» түрік компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.

Ақбота Күзекбай

Фото:автор және ҚР ИДМ 

 



Яндекс.Метрика