Рухани жаңғыру

Қазақстанның жетекші археологтары Астанада кездесті

Астанада Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінен.
Нұр-Сұлтан 27 Қараша, 09:11

Ұлттық музейде «Рухани жаңғыру идеясының мәнмәтініндегі Ұлы дала елінің ежелгі және ортағасырлық тарихының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға отандық және шетелдік  жетекші ғалымдар, археологтар, ғылыми қызметкерлер, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігі Мәдениет және өнер істері департамент директоры Алмаз Нұразқан өз сәлемдесу сөзінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру аясындағы археологияның маңызы зор екенін атап өтті:

«Бүгін осы халықаралық конференцияға еліміздің тарихын қалыптастыруға өз үлесін қосқан Қазақстан мен шет елдердің археологиялық ғылымның бетке ұстар жетекші мамандар қатысып отыр. Жалпы, осы жыл мәдениет саласы үшін, оның ішінде археологияға да, маңызды оқиғаларға толы  жыл болды. Біз еліміздің жылнамасының алтын әріптермен жазылатын оқиғалардың куәсі болып отырмыз!» – деп қорытындылады ол.

Конференцияның пленарлық отырысында өркениет кезеңдерінің, қорған салу мәдениетінің кең таралуы, жерлеу және ғибадат ету ғимараттарының ерекшеліктері талқыланып, табылған қола дәурінің жәдігерлері ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Өзбекстан аумақтарында табылған жерлеу орындары мен ондағы тұрмыс заттарына салыстырмалы талдау жасалды.

Дала қазбалар нәтижелері интерактивті графикалық интефейс жасау арқылы креативті қалпында көрсетіліп, ал табылған жәдігерлердің бір қатары Ұлттық музейдің қорына тапсырылды.

«Бұл жыл біз үшін барлық тараптан жемісті жыл болды. Мәдениет және спорт министрлігі өз тарапынан ғылыми зерттеу жобаларын қолға алуда. Мәдениет институтынің қолдауымен және «Берел» қорық мұражай күшімен біраз археологиялық қазбалар жүргіздік. Оның нәтижесінде бүгінгі уақытша экспозиция құрамындағы Тоқсанбайдан табылған 4 мың жыл бұрын жасалған жәдігерлер мен Оңтүстік Қазақстан аумығы қалашықтарынан  табылған  ыдыс-аяқ пен әшекей бұйымдар. Бұл – табылған заттардың шамалысы ғана, көптеген бұйымдарға қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуде. Осы өтікізліп отырған конференцияның маңызы тек есеп беруде ғана емес, бұл – болашақта жасалу тиіс бағытты айқындау!» – деп, осы күндері 70-жылдық мерейтойын атап өткен тарих ғылымдарының докторы Зайнолла Самашев бөлісті.  





Яндекс.Метрика