Ұлттың денсаулығы

ҚР Президентінің Кубогы үшін жекпе-жек

Астанада 28, 29 қараша күндері Қазақстан Республикасының Президенті күніне орай «Дәулет» спорт кешенінде ерлер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогына IІІ ашық республикалық турнирі өтеді
Нұр-Сұлтан22 Қараша , 18:36

Жарысқа республиканың әр өңірінен және қуатты құрылымдардан  жасақталған 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 және 90 келіден жоғары 9 түрлі салмақ дәрежесінде 26 команда сынға түседі.  Ұйымдастырушылар жекпе-жек сайысынан Бүкілқазақстандық қауымдастық пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті ұйытқы болды. Турнирдің бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры». Аталған турнир отандық спортшылардың және еліміздің қуатты құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын және жастар арасында жекпе-жек сайысын насихаттау мақтасында турнир ұйымдастырушылары «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен бірлесе отырып, «Замандас» отбасылық аула клубтарының тәрбиеленушілерін дүбірлі доданың көрермені болуға әрі спортшылармен жүздесіп, пікір алмасуға шақырды. Сондай-ақ, спорт сүйер қауым үшін турнир барысында бағалы сыйлықтар мен лотерея ойнатылады. Бұдан бөлек, көрермен назарына ҚР МКҚ Президенттік оркестрінің концерттік бағдарламасы және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекпе-жек сайысынан қойылымдық көрсетілімдер ұсынылады.  

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 28 қараша күні сағат 15:00-де астаналық «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. 29 қараша күні сағат 18:00-де турнир қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Келіп жанкүйер болам дегендер үшін есік ашық!




Яндекс.Метрика