Адами капитал

Жат ағымдар жайлы түсіндіру жұмыстары өтті

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Алматы қаласында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 19:40

Семинарлар мен кездесулерде күн тәртібіне қойылған басты мәселе ̶ өңірдегі дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күрес шараларын кешенді жүргізу. Делегация құрамына аталған саладағы жетекші мамандар мен сарапшылар кіреді. Күн тәртібіндегі көптеген семинарлар мен кездесулер, қаладағы шаралар кешені дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына қарсы іс-қимыл жүргізуге бағытталған. Әсіресе, дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларына ерекше назар аударылып, жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшылар Алматы қаласындағы мешіттер мен базарлар және вокзалдарда осы санаттағы азаматтармен жеке әңгімелесті. Сондай-ақ, осындай кездесулер түзету мекемелеріндегі сотталғандармен оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен де болып өтті. Бұған қоса, түсіндіру жұмыстары қаладағы жалпыға ортақ білім беретін мектептерде діни киім киетін оқушылардың ата-аналарымен де жүргізілді.

Кездесу барысында Балғабек Мырзаев Қазақстанда мұсылман мешіттерінің мұнаралары, христиан храмдары мен иудейлік синагогалардың күмбездері ̶ бейбіт қатар өмір сүру үшін Қазақстан бейбітшілік және толеранттылықты негіз етіп келетіндігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол мұсылман әлемі және Батыс әлемі арасындағы ашық және әділетті үнқатысуды барынша жандандыру керектігін айтты.

«Өткен мыңжылдықтың орта ғасырларындағы Ислам, әлемдік ғылым мен мәдениеттің дамуына едәуір салым салды. Ислам ойшылдары діни ғылымдармен қатар, адам білімінің басқа да гуманитарлық және табиғи салаларының өркендетті. Бұл ̶ фәлсафа, математика, медицина, астрономия, география. Бүгін мұсылмандар сол дәуірдегі жағдайына қайта жету үшін білім мен ғылымды игеруге ұмытылуы керек», ̶ деді Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының жетекшісі.

Аталған тақырыптағы дәрістерді «Сауран-ислам мәдениет орталығы мекемесі», «Имани Гүл» әйелдер жамағаты, «Шаңырақ» оңалту орталығының тәрбиеленушілері тыңдады.




Яндекс.Метрика