Парламент

ҚР ИДМ «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша грант санын көбейтуді ұсынды

Жергілікті атқарушы органдар мамандарды даярлауға қатысты мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту кезінде 72 мыңнан астам адам жұмыс істейтін су секторының қажеттіліктерін ескерулері тиіс. Бұл туралы парламенттік тыңдауда ҚР инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
Нұр-Сұлтан 24 Қараша, 15:46

«Маман мәселесі де маңызды аспектілердің бірі. Коммуналдық шаруашылық саласында ресурсты және энергияны үнемдейтін заманауи технологияларды қолданып, жұмыс істей алатын білікті мамандар жетіспейді. Мысалы, 2016-2017 оқу жылында «Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін тазарту» мамандығы бойынша 75 грант бөлінсе, «Сумен жабдықтау және су тарту» мамандығы бойынша грант бөлінбеген», - деді министр.

 Ж. Қасымбек атап өткендей, жаңарту  мен жаңа инфрақұрылым салуды инвестициялаудан бөлек, су арнасы мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламаларын жүзеге асыру қажет.  

«Техникалық және басқарушылық салаларда шетелдік тәжірибені пайдалануды күшейту және отандық университеттерге тиісті техникалық мамандықтарды енгізу керек. Жергілікті атқарушы органдар мамандарды даярлауға қатысты мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту кезінде 72 мыңнан астам адам жұмыс істейтін су секторының қажеттіліктерін ескерулері тиіс», - деп түйіндеді ол. 





Яндекс.Метрика