ҚР Президентінің Жолдауы

Қарағанды облысында кезекте тұрғандарға арнап 1605 пәтер салынуда

Қарағанды облысында жыл басынан бері 2865 отбасының тұрғын үй жағдайы жақсартылды. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.
Қарағанды 24 Қараша, 14:32

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша облыста биылғы жылы 340 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, яғни 3 мынан астам пәтер. Олардың жартысынан астамы, дәлірек айтар болсақ 1605-і кезекте тұрғандарға арналған», - деді Е. Қошанов.

Ауылдық жерлерде 63,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда.

Билік басындағылардың ақпаратынша, соңғы үш жылда аймақта барлық қаражат көздерінің есебінен 993 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 8 300 пәтер салынған екен. Тұрғын үй құрылысына 108,7 млрд теңге инвестиция құйылды.

«Шамамен 800 үйдің жеке құрылысы үшін инфрақұрылым жасау басталды. Жеке тұрғын үй құрылысына бір жарым мың учаскіге арналған тағы да 10 алаң жобалау кезеңінен өтіп жатыр», - деді облыс әкімі. 

Оның айтуынша, Қарағандының оңтүстңк-шығыс ауданындағы жаңа орталық құрылысы қарқынды жүргізіле бастады. Облыс орталығында жеті 24 қабатты үйлерден құралған «Трилистник» кешені пайда болады. Қазіргі таңда оның негізі қаланып жатыр. 

Бұған қоса, жеке инвестициялар есебінен 12-ден 16 қабатқа дейін созылатын көпқабатты үйлерден құралған «Ұлытау» тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар облыста жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы да жоспарланған: олимпиадалық стандарттарға сай бассейні бар Балалар және жасөспірімдер сарайы, Күрес орталығы, 1250 орынға шақталған Концерттік зал.

Биылғы жылы ауданы 13 мың шаршы метрден асатын Қарағанды облыстық соты ғимаратының құрылысы басталды. Жоба үш жылға шақталған – нысан 2019-шы жылы тапсырылуы тиіс. 





Яндекс.Метрика