Экология

QazFinnTec жасыл технологияларды беру орталығы ашылды

Финляндияның елордасы Хельсинкіде QazFinnTec жасыл технологияларды беру бойынша қазақ-фин орталығының ашылуы өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы 24 Қараша, 12:23

«Екіжақты қарым-қатынастың осы аптадағы маңызды оқиғасы - Финляндия елордасында қайта құрылған QazFinnTec жасыл технологияларды беру бойынша қазақ-фин орталығының ашылуы болды.   Жеке фин компанияларының, ҚР-ның Хельсинкідегі Елшілігінің қолдауымен экономикалық дипломатия аясында құрылған орталық фин технологиясын пайдалана отырып Қазақстанда жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Жалпы, мәселе жаңартылған энергия көздерін пайдалану, тұрмыстық қалдықтарды биогазға айналдыру, ақпа суларды тазарту мен өзгеде салаларды қамтып отыр», - деп хабарлады ҚР СІМ-дан.

Р. Василенко өзінің ашылу салтанатынзағы сөзінде атап өткендей, «2050 жылға дейін мемлекеттің стратегиялық даму міндеттерінде көрсетілген тұжырымдамалық басымдықтары мен Қазақстанның жаһандық тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлін көрсететін  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламаларына сәйкес Қазақстан өткізіп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыру аясындағы аталмыш бастаманың маңызы зор.  

«ҚР энергетика министрлігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі қолдау көрсететін жаңа орталықтың қызметіне Қазақстанның жетекші индустриалды, инновациялық, технологиялық және қаржы мен Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретінде рөлінің нығаюы  өз септігін тигізетін болады», - деп сендірді ол.

Өз кезегінде, жаңадан құрылған QazFinnTec  орталығы аясындағы өзара қарым-қатынастың әлеуетіне Финляндияның СІМ сыртқыэкономикалық істер бойынша мемлекеттік хатшысы Маркк Кейнянен жоғары баға берді.  Ол баса айтқандай, Қазақстанның даму стратегиясы Орталық Азия мәтінінде үлкен маңызға ие. Финляндияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы және оның аясындағы президент Саули Ниинисто мен ФР-ның бірқатар салалық министрлерінің сапары екі жақты қарым-қатынастың сапалы құраммен толығуына, фин және халықаралық бизнестің Қазақстанға қызығушылығының артуына септігін тигізді.

«Бүгінде АХҚО, халықаралық жасыл технологиларды беру орталығы, IT-стартаптар халықаралық паркі негізінде екі ел арасында өзара бірдей тиімді ынтымақтастық орнатудың бірігей мүмкіндіктері туындауда», - деп түйіндеді М. Кейнянен.





Яндекс.Метрика