Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Чехия қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі.
Нұр-Сұлтан 24 Қараша, 11:16

ҚР ІІМ хабарлағандай, бұл келісім Қазақстан мен Чехия арасында қылмысқа қарсы күрес саласында, оның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түріне, терроризм мен экстремизмге, заңсыз есірткі және қару айналымына, заңсыз көші-қон мен адам саудасына, кибер қылмысқа қарсы күресте құқықтық негіз бола алады. 

Қазақстандық тараптан Үкімет атынан Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы келісімге қол қойды.

Ал, Чехия тарапынан Қазақстандағы Чех Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Элишка Жигова қол қойды.

Тараптар Келісімнің қылмысқа қарсы күресте екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін сенімділікпен айтты.





Яндекс.Метрика