Парламент

Сумен қамтамасыз ету жұмыстарында жүйелілік жоқ - Н.Нығматулин

Астанада Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен «Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында парламенттік тыңдау өтуде.
Нұр-Сұлтан24 Қараша , 10:45

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының және стратегиялық мақсаттарының арқасында Қазақстанның жоғары табыстарға жеткенін, барлық салада көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылғанын сөз ете келіп, Н. Нығматулин ауыз су мәселесіне айрықша назар аударды.

«Біздің елімізде ауыз су мемлекеттік деңгейдегі негізгі сұрақтардың бірі. Осы салада   «Таза ауыз су»,  «Ақ бұлақ» сияқты   бірқатар жобалар   жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар  қазіргі уақытта «Өңірлерді дамытудың 2020-шы жылға дейінгі  бағдарламасы»  және «Нұрлы жол» арқылы жалғасын  тауып отыр. Оны   заңдық тұрғыдан қолдау  үшін  Мәжілісте де көптеген шаралар    атқарылып келеді. Депутаттар тиісті  мемлекеттік органдарға ұсыныстар жасап, бюджеттен қосымша қаражаттар  бөлуге де ерекше ықпал еткен», - деді Н.Нығматулин. 

Мәжіліс спикерінің айтуынша, ауыз су мәселесін шешу үшін бөлініп жатқан қомақты қаржы тиімді игерілмей отыр.

«Ауыз су мәселесін шешуге мемлекеттен жыл сайын керек қаржы    бөлініп отыр. Ендігі мәселе оны тиімді пайдалану. Ал, ол үшін барлық жұмыстарды дұрыс ұйымдастырып, суды пайдаланудың жаңа технологияларын енгізу қажет. Осыған орай  жер асты   суларын    пайдалануға қатысты нақты жоспар жасап, ауылдарда жаңа су құрылыстарын қолға алу керек. Осының барлығы ауызсу мәселесін толықтай   шешуге  мүмкіндік береді», - деді Мәжіліс төрағасы.

Сонымен бірге, Н.Нығматулиннің пікірінше, халық арасында суды үнемдеп пайдалану туралы ақпарат жұмыстарын  жүргізудің де маңыздылығы зор.

Одан әрі Мәжіліс Төрағасы елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз етуде орын алып отырған олқылықтарға тоқталды. Ол, су құрылғылары нысандарын орнатуда бірізділіктің, сонымен бірге, елді мекендерде су инфрақұрылымдарын тартуда бірыңғай оператордың жоқтығы.   




Яндекс.Метрика