Заңның үстемдігі

Біздің түлектер жүз пайыз жұмыспен қамтылады – ҚР ІІМ ТЖК (ВИДЕО)

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының курсанттары қалай оқытыланыны туралы оқу орынның оқу-құрылыс бөлімі курсы бастығының орынбасары Қайрат Ғабдуллин «Strategy2050.kz» АА тілшісіне «Білім және ғылым - 2017» қазақстандық халықаралық көрме барысында айтып берді.
Нұр-Сұлтан 24 Қараша, 10:13

«Көкшетау техникалық институты ТМД аумағында өрт қауіпсіздігіне және азаматтық қорғаныс саласында мамандарды даярлайтын жалғыз оқу орны болып табылады. ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының курсанттары 4 жыл оқиды. Оқу барысында курстанттар үкіметтің қамтамасыз етуінде болады, тегін жатын орын мен тамақпен қамтамсыз етіледі. Сонымен қатар, нысанды киім-кешек беріледі», - деді Қайрат Ғабдуллин.

Ол атап өткендей, оқу орнын тәмәмдаған курсанттарға «Азаматтық қорғаныс лейтенанты» атағы беріледі. Содан соң олар жұмыспен қамтылып, азаматтық қорғаныс органдарында қызметін атқарады.

«11 сыныптан кейін талапкер өту ұпайын жинайды, сосын физикалық дайындық бойынша тест тапсырады және медициналық комиссиядан өтеді. Мұнда 500-ге жуық курсант оқиды. Бізден түлеп ұшқан курсанттар оқу орнын nәмәмдаған бірер күннен кейін бірден жұмысқа орналастырылады. Мысалы, курсант Астана қаласынан болса ол Астанаға жұмысқа орналастырылады, егер ол Ақмола облысынан болса онда Ақмола облысында жұмысқа орналастырылады», - деп атап өтті институттың өкілдері.

Бұдан басқа, ҚР ІІМ ТЖК  Мәскеу, Санкт-Петербург пен Беларусиядағы шетелдік оқу орындарымен бірқатар келісім шарттар жасаған.

«Онда біздің курсанттар біздің республикалық бюджет есебінен білім алады», - деп толықтырды ол.

Ақбота Күзекбай

Видео: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика