Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ведомствоаралық байқау өтеді

ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен және Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық байқау өтеді. Осы шараға орай Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.
Нұр-Сұлтан 23 Қараша, 17:55

Брифингке ҚР Бас Прокурорының кеңесшісі-аға көмекшісі Нұргүл Қарағойшина, ҚР Қарулы күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Қайсар Мұғалов, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және департаментінің директоры Алмас Садубаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұллттық бюросы Әкімшілік құқық департаментінің басқарма бастығы Қуаныш Мырзағали қатысып, журналистер сұрағына жауап берді.

Байқауға қатысатын командалар 2 айналым бойынша сайысқа түседі. Оның біріншісі – мемлекеттік органның қызметі және рухани жаңғыру аясындағы атқарылып жатқан нақты істерге негізделген таныстыру мен  бейнебаян сынды екі бөлімнен тұрса, ал екіншісі – «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты сахналандырылған көріністен тұрады.

Байқаудың мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қазақ тілінің қолданысын арттыру, Елбасы алға қойған ұлттық жаңғыруды жүзеге асыру.

Аталмыш байқауға – Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекеттік күзет қызметі өкілдерінен құрылған 6 команда  қатысады.

Есбол Социалхан

 





Яндекс.Метрика