Инновациялар

Қарағанды Облысындағы өнеркәсіптің өсуі 4,1 %-ды құрады

Облыстағы кәсіпорындарда технологиялық жаңғырту жұмыстарын жүргізудің арқасында Қарағанды облысының өнеркәсібіндегі өсім 4,1% құрады. Бұл жөнінде Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Облыстың мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік-экономикалық даму қортындысының 10 айдағы көрсеткіші туралы баяндамасында айтты.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 17:47

Облыс әкімі өнеркәсіптің өсуінің басты бағытын кәсіпорындардағы технологиялық жаңартулармен байланыстырады. Тек ірі компаниялардың өзі технологиялары мен жабдықтарын жаңартуға шамамен 140 млрд теңге бөлген. «Осының нәтижесінде барлық жүйе құрушы кәсіпорындар өндіріс көлемін ұлғайта алды. Атап айтсақ, жыл соңына дейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 4,2 млн тонна болат, «Қазақмыс Корпорициясы» ЖШС 320 мың тонна мыс, «Шұбаркөл Көмір» АҚ 11 млн тонна көмір өндіреді деп жоспарланып отыр»,-дейді Ерлан Қошанов.

Аймақ экономикасының өсуіне жаңа кәсіпорындар да қомақты үлес қосты. Биыл Қарағанды облысында отқа төзімді материалдар шығаратын «Севен Рефракториз» зауыты ашылып, «Рейсаклинг Компани» ескі көліктерді жою зауыты құрылысының алғашқы кезеңі іске асуда.

 

Есбол Социалхан  




Яндекс.Метрика