Адами капитал

Астанада Халықаралық білім көрмесі өтіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Атакент-Экспо» Халықаралық көрме комапниясы ҚР Білім және ғылым министрлігі және Астана әкімдігінің ресми қолдауымен «Көрме» орталығында «Білім және ғылым-2017» XV Қазақстандық Халықаралық көрмесін өткізді.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 18:34

14 жыл бойы Білім және ғылым» көрмесі  білім берудің  барлық деңгейі, оқытудың  заманауи  технологиясы, оқу жабыдықтары, жаңа оқу бағдарламалары саласындағы  жетістіктерді көрсетіп келеді. 

Көрме жұмысына алыс және таяу шетелдің 12 елінен қатысушылар келді. 

Көрме жұмысының үш күні ішінде қатысушылар  келушілерге Қазақстанның  және алыс және таяу  шетелдегі жетекші  жоғары оқу орындарына  түсуге қойылатын  талаптар туралы, емтиханды тапсыруға  дайындайтын орталықтар, біліктілігін арттыру немесе тілдік  дағдыларды  меңгеру курстары  туралы,  халықаралық студент алмасу  бағдарламалары  жайында  ақпаратты жинау мүмкіндігін ұсынады. 

Көрме аясында  қатысушылардың таныстырылымдарын, семинарларын  өткізуден тұратын іскерлік  бағдарламасы қарастырылған.  Көрменің жұмыс күндерінде ҚР Ұлттық тестілеу орталығы  мектеп, лицей, колледж түлектеріне  арналған  ҰБТ  жаңа форматы бойынша тегін сынама тестілеуден өткізіледі. 

Ақбота Күзекбай

Фото: Азамат Әлиев




Яндекс.Метрика