«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қарағанды қаласында жаңа орталық салынуда

Қарағандыда жаңа орталық пайда болмақ. Қазіргі таңда онда белсенді түрде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 17:23

Баспасөз мәслихатында облыс әкімі мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік –экономикалық даму қортындысының 10 айдағы көрсеткішімен бөлісті.

Ерлан Қошановтың айтуынша, жаңа орталықта 24 қабатты тұрғын үй кешені, Облыстық соттың жаңа ғимараты, Күрес орталығы, 50 метрлік бассейні бар Балалар және жасөспірімдер сарайы, концерттік зал секілді тың және ауқымды ғимараттар салынып жатыр.

««Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша облыста жыл соңына дейін 340 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі, ал 800 жеке үйлердің құрылысы үшін инфрақұрылым жасалып жатыр», - деді Облыс әкімі.

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика