Рухани жаңғыру

Ішкі істер органдарында құжат айналымы 100% қазақ тілінде жүреді

Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық республикалық байқауы туралы брифинг өтті. Брифингте байқау шарттары мен байқауға қатысушы органдардың дайындықтары сөз болды.Осы кезекте ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және департаментінің директоры Алмас Садубаев еліміздің ішкі істер органдарында қазақ тілінің қолдану деңгейінің өсіп келе жатқанын айтып өтті.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 17:15

«Еліміздің барлық аудандарындағы Ішкі істер департаменттерінде қазақ тілі оқытушылары бар, олар аптасына бес реттен әр күні бір сағаттан ішкі істер қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ өтеді, кейін сабақ бойынша қазтест жүйесі негізінде емтихан жүріледі. Осы себепті де қазір ішкі істер органдарында мемлекеттік тілдің қолдану көрсеткіші жоғары қарқынмен өсіп келеді. Ал құжат айналымы 100% қазақ тілінде жүреді»,- деді Алмас Садубаев.

Аталмыш байқауға – Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекеттік күзет қызметі өкілдерінен құрылған 6 команда қатысады.

«Аталған байқау Елбасының мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, дамыту, қызметкерлердің күнделікті өмірде және қызметте қазақ тілін белсенді қолдануы үшін уәждемелерді күшейтуге қажетті жағдай жасау саясатын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды», - деді ҚР Бас Прокурорының кеңесшісі – аға көмекшісі Нұргүл Қарағойшина.

 

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика