Басқару

Н.Нығматулин Мемлекет басшысына Мәжіліс жұмысының қорытындысы туралы баяндады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 16:40

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысына заң жобалау жұмыстары жоспарын орындау аясындағы Парламенттің төменгі палатасының үшінші сессиясы кезеңіндегі қызметінің қорытындылары жөнінде мәлімдеді.

«Мәжіліс 24 заң жобасын, соның ішінде үшжылдық бюджетті, салық, әкімшілік және кеден кодекстерін, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қабылдады. Осылайша, заң жобаларының барлық топтамасы Сенатқа жолданды», – деді Н.Нығматулин.

Кездесу соңында Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы үрдісін уақтылы заңнамалық қамтамасыз ету аясында Парламент Мәжілісі қызметінің маңызды екенін айтты.

 




Яндекс.Метрика