Өңірлер

Қарағанды облысында 6 жаңа жасыл энергетика нысанының құрылысы жоспарланған

Қарағанды облысында өндірісті жетілдіру мақсатында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ұсынылған жобалар іріктеліп, оны жүзеге асыру мәселесі қолға алынуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Ерлан Қошанов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 23 Қараша, 18:13

 «Облыстың кәсіпорындары ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде ұсынылған жаңа зерттемелердің арасынан 31 жобаны іріктеп, оларды әрі қарай жүзеге асыру амалдарын қарастыруда»,- дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар, ЭКСПО-да қарағандылық ғалымдар ұсынған жобалардың ішінен үшеуі қолданысқа енгізілген. Тағы 4 жоба тестілеу және жүзеге асырылу кезеңінде.  

Бүгінгі күндегі әлем назарындағы ең өзекті бағыттардың – жаңартылған энергия көздері. Қарағанды өңірінде осы бағыт бойынша да тың жобалар қолға алынған.

«Облыста 3 күн электр станциясы, 2 жел паркі және 1 биогаз құрылғысын қамтитын жалпы қуаттылығы 261 МВт құрайтын 6 жаңа жасыл энергетика нысандарының құрылысы жоспарланған»,-деді Облыс әкімі Ерлан Қошақов.

Есбол Социалхан

 





Яндекс.Метрика