Рухани жаңғыру

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес Ұлытауда этноауыл салынбақ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес Ұлытауда этноауыл құрылысы жүргізілуде. Ал келесі жылы осы өңірде этнофестивал өткізілмек. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз маслихатында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айтып берді.
Қарағанды 23 Қараша, 15:47

 Ерлан Қошановтың айтуынша: «Ұлытау – еліміздің белгілі тарихи киелі өңірлерінің бірі болғандықтан, ондағы ескі тарихи ескерткіштерді қорғау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тарихи танымдық шаралар іске аспақшы. Бұл күнде этноауыл құрылысына 50 киіз үй жоспарланып отыр, кейін одан ары көлемін ұлғайтып, өзге де нысандар жұмысы жүргізілмек»,-дейді.

Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде аймақта жалпы сомасы 13 млрд теңгені құрайтын 400 жоба жүзеге асырылу үстінде болса, оның ішінде 5 млрд теңгесін демеушілер есебінен. Келесі жылға жоспарланып отырған этнофестивальмен қатар, әлемнің түрлі елдерінен жиналатын археологтар, геологтар және тарихшылардың қатысуымен халықаралық симпозиум ұйымдастырылмақ.       

Есбол Социалхан

 





Яндекс.Метрика