ҚР Президентінің Жолдауы

ТҮҚЖБ салымшылары үшін 15 мың пәтер салынады

Әкімдіктер айналымындағы қаржыға жыл сайын ТҮКЖБ салымшылары үшін 15 мың пәтер салынатын болады. Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев «Нұрлы жер» бағдарламасына арналған дөңгелек үстел барысында айтты.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 14:48

Қ.Өскенбаев айтып өткендей, «Бәйтерек» Холдингі  «Нұрлы жер»  тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында бес бағыттың   төртеуіне қатысып жатыр. Несиелік баспана беру бағыты бойынша «Бәйтерек» Холдингі  2017 жылдан бастап  жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу  жолымен  тұрғын үй құрылысын қаржыландыратын болады.

«2017 жылға облигацияларды сатып алу жоспары бойынша 28,8 млрд теңгеге  әкімдіктердің  69,6 млрд теңгесі сатып алынды. Осылайша, ертерек бөлінген қаржының барлығы игерілді», - деді Қ.Өскенбаев.

Ол айтып өткендей,  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2017 жылдың 1 тамызында бұған дейін қолданыста болған барлық тарифтік бағдарламаларды біріктірген «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасы іске қосылды. Ал бұған дейін 3, 5.5, 8.5, 15 жылдар кезеңіне бөлінген 4 тарифтік жоспар болған.

Қазіргі уақытта адамның өзі қанша жыл жинайтынын, қаржылық мүмкіндігіне қарай тұрғын үй қарызын қандай пайызда алғысы келетінін өзі шешеді. Сонымен қатар, биылғы жылғы қыркүйекте өз платформасында

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық клиенттерін, құрылыс компанияларын және мемлекеттік органдарды біріктіретін «Баспана.kz» жылжымайтын мүлік интернет-порталы іске қосылды. Енді қазақстандықтар қашықтықтан «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру шарттары бойынша онлайн-консультация, дайын және салынып жатқан нысандар, шаршы метр және Банк өнімдері туралы ақпарат ала алады», - дедi Өскенбаев.

Сондай-ақ, әкімдіктер айналымындағы  қаржыға жыл сайын ТҮКЖБ салымшылары үшін  15 мың пәтер салынатын болады. 

«Qiwi, Paypoint терминалдарының көмегімен шотты толықтыруға болады. Балама арналар бойынша банк төлемінің 30% өтеді. 2016 жылы 621 мың онлайн-төлем, 2017 жылғы қарашадағы жағдай бойынша 760 мың төлем жасалған», - деді ол.

Оның айтуынша,  2017 жылғы мамырдан бастап QR-код арқылы төлемнің жаңа тәсілі іске қосылды. Бұл клиенттерге мобильді телефон арқылы депозитті толықтыруға мүмкіндік береді. Барлық төлемдер клиенттер үшін 3 минут ішінде комиссиясыз өтеді. Бұл функция депозитті толтыру функциясына ғана қолданылады. Жақын уақытта ҚТҚЖБ QR-код арқылы қарызды өтеу функциясын енгізбек.

Жалпы, атқарушы директор  айтып өткендей, 2017 жылдың  10 айының қорытындысы бойынша  «Бәйтерек» Холдингі «Нұрлы жер»  бағдарламасына сәйкес жоспарланған индикаторларға  қол жеткізді.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика