ҚР Президентінің Жолдауы

Ақмола облысында 12 мың адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды

Ақмола облысы әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен облыс әкiмдiгiнiң мәжiлiсi өттi. Мәжiлiске қала, аудан әкiмдерi, ведомства, басқарма және департаменттердiң басшылары қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола 23 Қараша, 12:13

Күн тәртiбiнде «Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» Ақмола облысында жүзеге асырылуы мен «Ақмола облысында қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу» туралы екi мәселе қаралды.

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың айтуынша облыста «Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» үш бағытын жүзеге асыру үшiн 4979,7 млн. тенге қаржы бөлiнген.

Бiрiншi бағыт: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» бойынша 740 млн теңге бөлiнiп, 5 мыңға тарта адам қысқа мерзiмдi және кәсiби бiлiммен қамтамасыз етiлген.

Екiншi бағыт «Жаппай кәсiпкерлiктi дамытуды» жүзеге асыру үшiн 2805,2 млн. тенге бөлiнген. Аталған бағыт Дина Ахметжанованың айтуынша, бiрден екi мәселенi шешедi. «Бастау бизнес» жобасы арқылы ауыл тұрғындары кәсiпкерлiктiң қыр –сырын үйренедi және кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау бойынша аз пайыздық несие алып, өз кәсiбiн ашуға мүмкiндiк алады. Аймақта «Бизнес бастау» жобасы бойынша 1 мыңға тарта адам оқыған. Шағын несие «Ауыл тұрғындарын қаржылай қолдау қоры» арқылы 407 тұрғынға үлестiрiлген.

 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуды» жүзеге асыру үшiн өңiрге 962,2 млн теңге бөлiнiп, жастар практикасына 652 адам, әлеуметтiк және қоғамдық жұмыстарға 3 мыңнан астам адам жiберiлген. 14 нысанға күрделi және ағымдағы жөндеу жүргiзiлген. «Жалпы аталған мемлекеттiк бағдарлама аясында аймақта 16 мыңнан астам адамның еңбекпен қамтылуына жағдай жасалған. Оның 12 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан»,- дедi Д. Ахметжанова.

Аймақ басшысы, аталған бағдарламаның iске асырылуының маңыздылығына тоқталып, қала, аудан әкiмдерiне бөлiнген қаржыны жыл аяғына дейiн тиiмдi игерудi мiндеттедi.

Мәжiлiсте сондай-ақ Ақмола облысында қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар барысы қаралды.

 





Яндекс.Метрика