АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ағаш отырғызудың жыл сайынғы көлемін 80 мың гектарға жеткізу жоспарланған

Әкімдіктер қарауындағы орман шаруашылықтары бойынша облыстардың көпшілігінде ормандарды молықтыру көрсеткіші азайған, дейді ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төраға орынбасары Қайрат Үстеміров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан 22 Қараша, 18:19

Орман қорын сақтау мақсатында 2004 ж. жұмыр ағаш экспортына тыйым салынды, 2015 жылы  сексеуіл ормандарында ағаш кесудің барлық түріне 2018 ж. дейін мораторий жарияланды, сонымен бірге сауда орындарында сексеуіл сатуға және ағашы өртенген жерлерді қалпына келтіруді қоса алғанда, қылқан жапырақты ормандарда санитариялық мақсатта ағаш кесуге тыйым салынды.

2003 жылы 22 млн. га немесе мемлекеттік орман қорының жалпы алқабының 79%-ы, 123 орман шаруашылығы мекемесі облыстар әкімдіктеріне берілген.

«Алматы, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, осы жылдар ішінде әкімдіктер орман шаруашылығының жай-күйін жақсарту жөнінде шаралар қолданбады», - деп атап өтті Қайрат Үстеміров.

Оның сыртында орман пайдаланушылар ағаш отырғызу және өртке қарсы іс-шаралар бойынша шарттық міндеттемелерді орындамайды, және салық төлемдерін де толықтай өтемейтін көрінеді.

Осыған орай Өсімдіктер және жануарлар дүниесі туралы заңға түзетулер енгізіліп, биологиялық әртүрлілігін сақтау бойынша тың шаралар жүргізілмек.

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жоспарына сәйкес 2018 жылы Алматы облысы Іле өзенінің дельтасында «Іле-Балқаш» табиғи резерваты мен Шығыс Қазақстан облысында «Тарбағатай» ұлттық паркі құрылады»,-деді спикер.

 

Есбол Социалхан

 





Яндекс.Метрика