Экономика

Жылдың аяғына дейін геологиялық барлауға 4 млрд теңге жеке инвестиция салу жоспарланған

Мыс, алтын, жерде сирек кездесетін элементтер, сирек жер металдары, қорғасын, мырыш, хром сияқты стратегиялық металдар кен орындарын іздеу және барлауға бағытталған 39 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл туралы «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалым Нұржанов ИДМ-де өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 22 Қараша, 16:47

Инвестициялық жобалар бойынша 2017 жылдың аяғына дейін геологиялық барлауға 4 млрд. теңге жеке инвестициялар салу жоспарлануда.

«Rio Tinto» ұлтаралық компаниясы 2015-2017 жылдары 2 жоба бойынша  3,3 млрд. теңге инвестиция салады.

««Iluka Rersources» ағымдағы жылы Қостанай облысында «Air core» құрғақ бұрғылау технологиясын пайдаланып,  көлемі 9 000 қ.м 300 ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын орындады. Іздеу объектілері – шашыраңқы титан-цирконий кен орындары. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында егжей-тегжейлі барлау жұмыстарын жалғастыру үшін 2 перспективалы алаң таңдап алынды. Іске асыру басталғалы бері 700 млн. теңге инвестиция салынды», - деді Ғ.Нұржанов.

«Ulmus Fund» неміс қоры Қарағанды облысының Бесшоқы алаңында мыс кендерін барлауға 600 млн. теңге сомасында қаржы жұмсады.

Биылғы жылы Қазақстанда «Полиметалл» және «Ghadir Industry» компаниялары алғашқы геологиялық барлау жұмыстарын бастады. «Полиметалл» АҚ-тың тапсырыс беруі бойынша Қостанай облысының Шекара учаскесінде алаңы 1 200 ш.км аэрогеофизикалық зерттеулер орындалды, бұл кен орнының алтын, күміс және мыс кендерінің өнеркәсіптік кеніштерін табуға перспективасы бар.





Яндекс.Метрика