Экономика

«Қазгеология» Қазақстандағы сирек металдарға барлауды бастады

«Қазгеология» АҚ геологтары 2017 жылы Қазақстан Республикасының 12 өңіріндегі учаскелерде жұмыстар жүргізді. Бұл туралы «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалым Нұржанов ИДМ-де өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 22 Қараша, 16:19

«Негізгі 16 кен провинциясында сирек жер металдарына (иттрий, иттербий)   геологиялық барлау жұмыстары басталды», - деді Ғ.Нұржанов.

ИДМ  хабарлағандай,  5.5 қ.км іздеу маршруттары өткізілді, 5.5 мың қ.км таукен әзірленімдері жасалды, 3400 қ.м ұңғыма бұрғыланды.

Жалпы сомасы 244 млн. теңгеде жұмыстар орындалды, 2018 жылы 259 млн. теңге игеру жоспарлануда.

 





Яндекс.Метрика